31.01.2022, 13:21
Оқиғалар
Түркістан облысында мыңнан астам қой шопанымен бірге өртеніп кетті
150 тонна шөп жанып кетті
Оқыс оқиға таңға жуық орын алған. Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жетті», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылды.
Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілді. Шығын көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
16.04.2026, 10:47
Түркістан мен Жамбыл облысы антирекордтың көшін бастап тұр: жасөспірім қыздар зорлықтан жүкті болып, бала босанады
16.04.2026, 13:48
Қарағанды облысындағы аса қауіпті қылмыскер бес жыл бойы дәретхананың ішіне жасырынып келген (ВИДЕО)
16.04.2026, 15:10
Бас прокуратура Қазақстандағы iPhone иелеріне шұғыл ескерту жасады
Редактордың таңдауы
16.04.2026, 14:32
FlyArystan: Шымкент әуежайында итті қағып кеткен ұшақ сынып қалған