$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2022, 16:01
Оқиғалар

Атырауда жұмысшылар тұрып жатқан вагондар өртенді

Бір-біріне жапсарлас қойылған вагон-контейнерлерде құрылысшылар тұрған

Атырауда жұмысшылар тұрып жатқан вагондар өртенді
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда құрылысшылар тұрып жатқан екі вагон өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

28 қаңтарда түнгі сағат 23:37-де Атырау қаласының «Береке» шағынауданындағы тұрғын үйдің жанында тұрған екі вагон-контейнер өртенген.

Бір-біріне жапсарлас қойылған вагон-контейнерлерде құрылысшылар тұрған. Өрт электр пешінің қараусыз қалуынан тұтанған. Вагон-контейнерлерде газ баллондары болған.

«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер вагон-контейнерлердің ішінен 55 литрлік екі газ баллонын алып шықты. Сөйтіп, газ жарылысының алдын алды. Жалын бүгін, 29 қарашада сағат 00:20-да оқшауландырылып, сағат 00:21-де толық сөндірілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрт сөндіруге департаменттің 11 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.  

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Атырау #өрт #вагон