$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2022, 14:56
Оқиғалар

ШҚО-да мылтықпен түскен суретін желіге жүктеген жасөспірім істі болды

Полицейлер кәмелетке толмаған баланың үйінен мылтық тәркіледі

 

ШҚО-да мылтықпен түскен суретін желіге жүктеген жасөспірім істі болды

ШҚО-да колледждің 16 жасар студентінен тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Кәмелетке толмаған бала 2021 жылдың қазан айында үйінің шатырынан қапқа оралған мылтық тапқан, тауып алғанын анасына айтып берген. Полицейлер әлеуметтік желілерді тексеру барысында қаруды заңсыз сақтаған жасөспірімді анықтаған, ол өз аккаунтында мылтықпен түскен суретін жүктеп қойған.

Мекенжайға келген полицейлер кәмелетке толмаған баланың үйінен мылтық тәркілеген. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұл қару 12 калибрлі аңшылық патрондармен ату үшін жарамды және 12 калибрлі тегіс ұңғылы атыс қаруы.

«ҚР ІІМ БДБ базасының есебі бойынша аталған мылтық тіркелген және криминалдық қару ретінде көрсетілмейді. Кәмелетке толмаған 37 жастағы анасына қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 482-бабының 1-бөлігі «жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оның санкциясымен 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген», - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара басталғаннан бері заңсыз алып жүру мен сақтаудың 10 фактісі анықталды.

 
Серіктес жаңалықтары