Алматыда 5 адамды атып өлтірген тұрғынның қамау мерзімі ұзартылды
Игорь Дужнов кем дегенде 20 ақпанға дейін қамауда болады
Алматының Ақбұлақ шағынауданында бірнеше адамды атып өлтірген Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық сотының мәліметінше, Игорь Дужнов кем дегенде 20 ақпанға дейін қамауда болады.
«19 қаңтарда тергеу соты Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға, яғни 20 ақпанға дейін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырды», - деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.
Еске салсақ, 2021 жылғы 20 қыркүйек күні Алматының Ақбұлақ ауданындағы жеке үйлердің біріне келген сот орындаушы мен учаскелік полиция инспекторларына үй иесі – 1967 жылы туған азамат оқ жаудырған. Соның салдарынан қызмет барысында жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмған болатын.