15.01.2022, 12:28
Оқиғалар
Алматыда бозбаладан ломбардтан ұрланған ұялы телефондар тәркіленді
17 жастағы жасөспірім ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген
Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген.
Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 млн теңгеге бағалаған.
«Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты», - делінген хабарламада.
Заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды