15.01.2022, 10:23
Оқиғалар
Алматыда тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 2,5 мыңға жуық адам ұсталды
Олардан 79 бірлік атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді
Фото: ТАСС
Алматы қаласы комендатурасы қалада терроризмге қарсы операция басталғалы бері 2402 адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2402 қатысушысы ұсталды. 79 бірлік атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді.
«Өткен тәуілікте «102» пультіне 586 хабарлама келіп түсті. Комендатураның сall-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 93 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді»,- деді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Комендатура тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырады.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді