Алматыда екі ер адамнан қару-жарақ пен арнайы құралдар тәркіленді
Олар қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен ұсталды
Алматыда полицейлер арнайы іс-шара кезінде екі ер адамнан қару-жарақ пен арнайы құралдар тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық криминалдық полицияның хабарлауынша, екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны мен Алматы облысынан келген 24 жастағы ер адам ұсталды.
«Жалға алынған пәтерді тінту кезінде аңшы мылтығы, патрондар, оқтан қорғайтын кеудеше, дүрбі, әскерилендірілген киімдер, ұялы телефондар мен киетін заттар табылып, тәркіленді», - делінген ПД хабарламасында.
Күдіктілер тонағандарын мойындады. Олар ұрлаған заттарымен қаладан кетуді жоспарлағандарын айтты.
Ұсталғандардың жеке басы жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексерілуде.