10.01.2022, 11:09
Оқиғалар
Атырауда төрт азаматтан екі тапанша мен психотроптық дәрі-дәрмек тәркіленді
Полиция тергеу амалдарын бастап кетті
Төрт атыраулықтан екі тапанша мен психотроптық дәрі-дәрмек тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, төтенше жағдай кезінде қызмет атқарып жүрген полицейлер блок-бекеттен суық қару өткізбек болған көлік пен түрлі психотроптық дәрілер сатушыларды ұстады.

9 қаңтар күні Атырау қаласына кіреберіс тұстағы блок-бекеттен 10-ға жуық аңшы пышағын өткізбек болған көлік анықталды.
Сондай-ақ, ПД-нің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында әсері жоғары психотропты дәрілерді өткізбек болған төрт тұрғынды ұстады. Оларды ұстау кезінде екі тапанша мен 736 таблетка, 236 ампула түріндегі психотропты дәрілер тәркіленді. Полиция тергеу амалдарын бастап кетті.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
