$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.01.2022, 12:58
Оқиғалар

ШҚО-да ауыр халдегі нәресте тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

Қатты аяз салдарынан тікұшақтың көкке көтерілуі қиын болды

ШҚО-да ауыр халдегі нәресте тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

2 қаңтар күні «Қазәуеқұтқару» ұшқыштары мен ҰШМҮО дәрігерлері ауыр халдегі жаңа туған нәрестені Өскемендегі Ана мен бала орталығына аман-есен жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазәуеқұтқару» мекемесіне Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан 2 қаңтарда шақырту келіп түскен.

«Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы ауыр халдегі жаңа туған нәрестені шұғыл тасымалдау қажет болды. Қатты аяз салдарынан тікұшақтың көкке көтерілуі қиын болды. Соған қарамастан, шақырту алған Ми-8 тікұшағының эипажы мен дәрігерлер көмекке ұмтылды», - деді «Қазәуеқұтқару» мекемесінің баспасөз хатшысы Алмаз Ғабдуллин.

Тікұшақ бортында командир Ағламбеков Руслан, Кенжеғалиев Мәжит сияқты тәжірибелі ұшқыштар, Қазақпаев Әуелбек, Жұмабаев Пердебек, Бекжанов Сәкен сынды авиациялық қызметкерлер, сондай-ақ ҰШМҮО дәрігерлері, облыстың бас неонатологы Қуанышпаев Асхат және фельдшер Асаубаев Бек болған.

«Құтқарушылар баланы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылынан Өскеменге шұғыл жеткізді. Қазіргі уақытта жаңа туған шақалақ Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің бақылауында», - деді Алмаз Ғабдуллин.

Серіктес жаңалықтары