$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2021, 04:24
Оқиғалар

Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

"Лада Гранта" автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі өзге көлікті басып озбақ болған

Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында болған жол апатынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсанда сағат 11:40 шамасында Ақтөбе қаласы Қобда ауданы Әлия кентінің маңында Самара –  Шымкент автожолының 653 шақырымында "Лада Гранта" автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан көлік құралдарына кедергі келтірмейтініне көз жеткізбестен, өзге көлікті басып озбақ болып маневр жасаған. Соның салдарынан Қырғызстан Республикасы азаматының басқаруындағы VOLVO FH-25 автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік апаты салдарынан "Лада Гранта" автокөлігінің жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушысы Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 
Серіктес жаңалықтары