$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2021, 01:58
Оқиғалар

Оралдық тұрғын төбелесті тоқтатпақ болып оқ атқан

Оқиға барысында зардап шеккендер болған жоқ

 

Оралда 33 жастағы азамат қала ортасындағы топтық төбелесті аңшы мылтығымен тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Ер адам жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Абырой болғанда жапа шеккендер болған жоқ.

Алайда төбелесті тарқатам деген қару иесі енді қылмыстық жауапкершіліктен оңай құтылмайтын сыңайлы. Қақтығыс қала ортасындағы дәмхана алдында болған. Екі тарап алдымен сөзге келіп, кейін жаға жыртысқан. Сәлден соң мылтық кезенген азамат оқ атқанда, топтасқандар тым-тырақай жан-жаққа қаша жөнеледі. Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған. Олар қару кезенген жігітті сабасына түсірді. Полицияның мәліметінше, аңшы мылтығы ресми тіркеуге алынған екен.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, осы іске қатысы барларды ұстады. Төбелеске қатысушылар бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды. 1988 жылы туған Б. есімді азаматқа қатысты қалада оқ атқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және оның қаруы тіркелген», - дейді БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы Лунара Аманғалиева.
 

 
Серіктес жаңалықтары