Тегерандағы ұшақ апатынан тірі қалғандар жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Тегеран әуежайы маңында болған украиналық Boeing-737 ұшақ апаты салдарынан борттағы 170 жолаушының бәрі қайтыс болған

Фото: ашық дереккөзден

Борттағы экипаж мүшелері де қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

«Өрттің күшті болғаны соншалық, ешкімді құтқара алмадық... Оқиға орнында 22 жедел жәрдем көлігі, төрт автобус және тікұшақ барды», - дейді жергілікті телеарнаға сұхбат берген Иран төтенше жағдай қызметінің басшысы.

Ирандық IRNA ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Бұл туралы ирандық БАҚ-қа Иран құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Моджтаба Кхаледи хабарлаған. Еске салайық, бүгін таңертең Имам Хомейни халықаралық әуежайынан (Тегеран қаласы) ұшып шыққан украиналық әуе компанияның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.