Павлодарда жедел жәрдемді мас күйінде тізгіндеген жүргізушіге сот үкімі шықты
Ол жүргізуші куәлігінен айырылды
Аталмыш фактіге қатысты сот отырысы өткізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы, 1-бөліміне сәйкес жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Сондай-ақ ол 15 тәулікке қамауға алынды. Көлік жүргізушісі 103 қызметінде емес, балансында санитарлық автокөлігі бар Тереңкөл орталық аудандық ауруханасында жұмыс істейді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын тексергеннен кейін Тереңкөл ауданының ауруханасының басшылығына қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданады», - дейді басқармада.
Айта кетейік, полиция департаменті демалыс күндері мас күйінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.