Тағы да суицид: Алматыда бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл іс «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергелуде

Алматыда тағы да өзін-өзі өлтіру оқиғасы тіркелді. Бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде куәгерлер «жас қыз Ақсай 1А ықшам ауданы, 8-үйдің 12-қабатынан секіріп кетті» деп хабарлады.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл фактіні Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркегенін хабарлады (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу).

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар мен себептері анықталуда», - деп жауап берді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жақында Алматыда кәмелетке толмаған қыздың биіктен секіріп, қаза болғаны хабарланған. Бұл іс «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергелуде.

Ал қараша айының ортасында әйел адам үш баласымен бірге терезеден секіріп кетті.

Сол сияқты осы жылдың қазан айында оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті.