Павлодарда жедел жәрдем жүргізушісі мас күйінде ұсталды
Осы жылдың 5 желтоқсанынан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жолданды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш факт 5 желтоқсан күні сағат 00.15 шамасында орын алған.
«Тереңкөл ауданының полиция қызметкерлері жанармай құю станциясының бірінде жедел жәрдем көлігін ұстады. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізді, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.
Сонымен қатар, аудандық аурухананың аға механигіне қатысты ҚР ӘҚБК 619-бабы бойынша 40 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік материал толтырылды.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 5 желтоқсанынан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Тек бірінші күннің өзінде 650-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Спирттік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 100-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды, олардың 14-і автокөлікті мас күйінде басқарған.
Белгіленбеген орындарда жолдан өткен 77 жаяу жүргінші жазаланды, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 44 жүргізуші де жауапкершілікке тартылды.
Павлодар облысының полиция департаменті облыстың барлық азаматтарын қырағы болуға және құқық бұзушылық болған жағдайда «102» жедел арнасына дереу хабарлауға немесе «Police102» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.