Атырауда браконьерлер құны 1,6 млрд теңге болатын киіктерді жойып жіберген
Өңірде «Ақбөкен» кеңауқымды табиғатты қорғау акциясы жүргізілді
Атырауда 1,6 млрд теңгеге киіктерді өлтірген алты браконьер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірде 1-3 желтоқсан аралығында «Ақбөкен» кеңауқымды табиғатты қорғау акциясы жүргізілді.
Акцияның қалай өтіп жатқаны туралы толығырақ «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс өңірі бойынша филиалының директоры Арман Қожахметов пен полиция инспекторы Нұрлыбек Өтениязов айтып берді.
«Жыл басынан бері браконьерлердің киік аулауына қатысты 8 факт тіркелді. Олардан 7 киік өлексесі мен 750 мүйізі тәркіленді. Осылайша, алты браконьер жауапқа тартылды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 млрд 656 мың 685 теңгені болды», - деді Арман Қожахметов.
Ақбөкендерді заңсыз аулағаны, сондай-ақ дериваттарын заңсыз иемденгені, алғаны, сақтағаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін ұсталғандардың мүлкі тәркіленіп, үш жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мүйізді киікті өлтіргені үшін 500 АЕК, аналығы мен төлі үшін 350 АЕК айыппұл салынады.