04.12.2021, 10:58
Оқиғалар
Павлодарда көлік басып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр
inform.kz
Павлодарда жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 3 желтоқсан күні сағат 04.35-те Сәтбаев көшесіндегі №35 үйге қарама-қарсы аумақта орын алған.
«Opel Astra» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, 1975 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың жүру бөлігінде отырған. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», - деді баспасөз қызметінде.
Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды