Шымкентте пара алған полиция қызметкері сотталды
Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеді
Қызметін асыра пайдаланған полиция қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жол патрульдік полиция полкінің командирі өз қызметін асыра пайдаланып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерден 4 мың теңгеден бастап 50 мың теңгеге дейін ақша талап етіп отырған.
Қаржыны қолма-қол алмай туыстарына электронды аударым жасатқан. Полиция мойоры 2019 жылдан бастап қалалық Полиция департаментінде қызмет атқарды. Сот үкімінде қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеу қарастырылды. Өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, шенінен айрылды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеді.
«Бұл кісінің өзі лауазымды тұлға бола тұр әрі заңсыздықтардың жолын кесу өзінің тікелей міндеті бола тұра, бірнеше рет осы қала аумағында пара алу дерегі бойынша айыпталған. Осыларды жан-жақты зерттей отырып, қылмыстың ауырлығын және жасаған қылмыстың мән-жайына тоқтала отырып, сот 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын шешті», – деді қалалық әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстан.