$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2021, 20:10
Оқиғалар

Нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жұмысынан босатылды

Жол ережесін бұзған тәртіп сақшысына қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылды

Нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жұмысынан босатылды
Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласы мен Алматы облысының шекарасында нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жұмысынан босатылды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 Алматы қалалық полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты К. Иманқұлов қызметінен босатылды. Сондай-ақ оның тікелей басшысы – взвод командирі де қызметінен кетті. Сонымен қатар, бөлімшенің тағы екі басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

«Заң барлығына бірдей және қатаң сақталуы тиіс. Кездейсоқ адамдарға біздің қатарымызда орын жоқ: мұндай заңсыз әрекеттерімен олар ерте ме, кеш пе, өздерін көрсетеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметке жүрек қалауымен келгендер ішкі істер органдарында қалады», - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сонымен қатар, полициядағылар жол қозғалысы ережелерін бұзған К.Иманқұловқа қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.

Айта кетейік, полиция қызметкерінің тас жол бойындағы тәртіпсіздігінің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланған еді.

 

Серіктес жаңалықтары