02.12.2021, 12:03
Оқиғалар
Павлодарда құбырдағы апаттан бірнеше тұрғын үй мен нысан сусыз қалды
Бірнеше көшеде су беру тоқтады
Куәгерлер әлеуметтік желіге Сәтбаев пен Естай көшелерінің қиылысында су ағып жатқаны түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметі бойынша бүгін таңертең Ак. Сәтбаев көшесі, 63 («Экспресс» СҮ) ауданында диаметрі 500 мм құбырда апат болған.
Осыған байланысты мына мекенжайлар бойынша су болмайды:
- Ак. Сәтбаев көшесі: 35, 37, 47, 43, 55, 57, 59, 63 (ОӘД), 65 («Экспресс» СҮ), 49 (облыс әкімдігі);
- Қайырбаев көшесі: 34, 36;
- Жеңіс алаңы бойынша: 3, 3/1, 5, 27;
- Ак.Бектұров көшесі, 60 (Қазтелеком);
- Астана көшесі бойынша: 119, 125, 127, 129;
- Ак. Марғұлан көшесі: 91/3 ,99, 101;
- Кривенко көшесі бойынша: 23, 25.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды