Ақмола тұрғыны Ресейде іздеуде жүрген көлікті сатып жіберген

Azattyq Rýhy

Көлікті сатып алған әйел 1 млн 50 мың теңге көлемінде шығынға батты

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысының тұрғыны Ресейде іздеуде жүрген көлікті сатып жіберген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 26 қарашада Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті.

Арыз берген әйелдің сөзінше, 2021 жылдың шілде айында Көкшетау қаласының 23 жастағы тұрғыны оған Ресей Федерациясында ұрланғаны үшін іздеуде болған «Nissan Sunny» автокөлігін сатқан. Бұдан әйелге 1 миллион 50 мың теңге шығын келтірілген.

«Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 196-шы бабы 3-ші бөлігі «көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.