Елордада 4 мың литрден астам дизель отынын заңсыз сатқан тұрғын сотталды

Azattyq Rýhy

Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы – мемлекет үшін де, азаматтар үшін де айтарлықтай зиян келтіретін жоғары табысты бизнес

Елордада 4 мың литрден астам дизель отынын заңсыз сатқан тұрғын сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті дизель отынын заңсыз сақтау және сату дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Н. Мұқанов 2021 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жүк көліктерінің жүргізушілерінен дизель отынын нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алған. Бұл ретте, олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттары болмаған.

«Ұсталған азамат дизель отынын ілеспе және басқа да тиісті құжаттарсыз жоғары бағамен сатып отырған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 4,6 тонна дизель отыны тәркіленді», - делінген агенттік хабарламасында.

Н. Мұқанов 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.