25.11.2021, 22:23
Оқиғалар
Қостанайда жеке үйден өрт шығып, 7 жасар бала көз жұмды
Өрттен зардап шеккен әйел ауыр халде ауруханада жатыр
Қостанайдағы жеке үйлердің бірі өртеніп, 7 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Ал зардап шеккен анасы ауыр халде ауруханада жатыр. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Төтеншеліктер оқиға орынында тексеру жұмыстарын жүргізуде.
От 6 пәтерлі үйдің бірінде тұтанған. Құтқарушылар өртенген үйден 4 тұрғынды эвакуациялап үлгеріпті. Дәрігерлер өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр деп отыр.
«1977 жылғы әйел жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денесінің 90 пайызын күйік шалған», - дейді облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
19.08.2026, 16:50
«Жүрегің ауырады»: Бас мүфти Жамбыл облысындағы жас келіншектің өлімінен кейін мәлімдеме жасады
20.08.2026, 00:16
Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 20 тамызда дауылды ескерту жарияланды