Шымкентте 23 жастағы қызды жалдамалы пәтерде пышақтап өлтіріп кеткен

Azattyq Rýhy

Жас қыздың денесін бірнеше күннен кейін үй иесі тауып алған

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының орталығындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен пышақ жарақатынан қайтыс болған 23 жастағы қыздың мәйіті табылды. Қыз үш күннен бері хабарласпаған соң пәтер иесі дабыл қаққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Отырар» телеарнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жас қыз үш күнге пәтер жалдап тұрған. Алайда оның денесін бірнеше күннен кейін үй иесі тауып алған.

«25 қараша күні қосалқы кілтімен пәтер есігін ашқан әйел жантүршігерлік көріністен шошып кеткен. Залда қыздың қанды мүрдесі жатыр. Дереу жеткен медициналық топ мәйіттің пәтерде бір тәуліктен бері жатқанын айтқан», - делінген хабарламада

Тінту кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті Түркістан облысының 1990 жылы туған тұрғыны, яғни әйел адам болып шықты.

Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.