$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2021, 01:46
Оқиғалар

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен 28 жастағы әйел іздестіріліп жатыр

Әйел 19 қарашада сағат шамамен 00:00-де балаларын үйде қалдырып, белгісіз бағытта кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған

 

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен 28 жастағы әйел іздестіріліп жатыр

Көкшетау тәртіп сақшылары жоғалған 28 жастағы әйелді іздестіруде, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашада Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 53 жастағы тұрғыны қызы Әсел Ахмеджанованы іздестіру шараларын қабылдау туралы өтінішпен жүгінді, ол 2021 жылғы 19 қарашада сағат шамамен 00:00-де балаларын үйде қалдырып, белгісіз бағытта кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.

Аталған факт бойынша Көкшетау қалалық ПБ-нің жеке құрамы мен оған берілген күштері бағдарланып, хабар-ошарсыз кеткен адамды табу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Хабар-ошарсыз кеткен әйел бойынша толық бағдар Ақмола облысы ПД барлық бөлімшелеріне жолданды. Әсел Ахмеджанова 1993 жылы туған, кәмелетке толмаған екі баласы бар, некеде тұрмайды.

Белгілері: бойы 160-165 см, дене бітімі орташа, шашы иықтан төмен, ерні қалың, мұрны түзу. Киімі: жамбасқа дейін қара түсті қалпақшасы бар матадан жасалған күртеше, қара түсті тоқылған бас киім, сұр түсті трико, ашық қоңыр түсті кроссовка. Ә. Ахметжанованың қайда екенін білетін адамдардан 8(7162) 29-96-00 нөміріне немесе 102 желісіне хабарлауыңызды сұраймыз.

Серіктес жаңалықтары