$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2021, 16:59
Оқиғалар

Алматы тұрғыны Қазақстанның төлқұжатын 56 жасында бір-ақ алды

Әлі күнге дейін құжатсыз жүрген азаматтардың басым көпшілігінің тұрмыстық жағдайы өте төмен деңгейде

Алматы тұрғыны Қазақстанның төлқұжатын 56 жасында бір-ақ алды

Көші-қон полициясы қызметкерлері ешбір құжатсыз жүрген, оның ішінде әлі күнге дейін КСРО құжатымен жүрген адамдарды анықтау мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Белгілі болғандай, азаматтар қолдарында ешқандай құжат болмағандықтан біраз мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде денсаулық сақтау, білім алу, әлеуметтік көмек, зейнетақы сияқты қызмет түрлерін мүлдем ала алмайды. Сол сияқты ешқайда заңды түрде жұмысқа орналса алмайтындығы белгілі. Мұндай тұлғаларды анықтау оңайға түспейді. Себебі ондай азаматтардың азаматтығын анықтап, жеке төлқұжат рәсімдеу үшін біршама уақыт керек. Алғаш рет жеке куәлік алатын азаматтар 1974 жылы берілген паспорт негізінде жеке куәлік рәсімдеп, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде танылады. Жыл басынан бері тек қана біздің аудан бойынша жеке басын анықтау куәлігі жоқ 14 азамат анықталды», – деп хабарлады Алматы қаласы Түркісіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Құжатсыз жүрген азаматтардың бірі – 1965 жылы туған Бейбіт Хасенов. Ол КСРО паспорты негізінде ҚР-ның жеке куәлігін рәсімдеді. 5 қараша күні дайын құжатты қолына алды.

«Бұл азаматтың өмір тарихы басқа да құжатсыз жүрген азаматтар сияқты. Шығыс Қазақстан облысының тумасы КСРО құжатын ауыстыру үшін қажет құжаттарды дайындап, бірақ белгісіз себептермен рәсімдеуді аяқтамаған. Әркімге жалданып, еңбек еткен. Алматы қаласында тұрып, ІІО-ға құжат рәсімдеуге өтініш беріп, барлық керекті анықтамалар жинағаннан кейін төлқұжат алды. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін құжатсыз жүрген азаматтардың басым көпшілігінің тұрмыстық жағдайы өте төмен деңгейде. Осы орайда біз құжатсыз жүрген азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша көші-қон полициясына құжат рәсімдеу үшін өтініш берулерін сұраймыз», – деді Амантаев.

Серіктес жаңалықтары