$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2021, 16:49
Оқиғалар

Қостанай облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты

Жол апатына кінәлі болған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қостанай облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты

Қостанай облысында ірі жол апаты болып, соның салдарынан 2 адам көз жұмды. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жол-көлік оқиғасы 21 қараша күні таңғы сағат 05:30 шамасында болған.

«Рудный – Қостанай тасжолында 29 жастағы мас жүргізушісі BMW маркалы көлігін басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 31 жастағы жүргізуші басқарып отырған Audi автокөлігіне бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан түрлі жарақат алған BMW жүргізушісі мен бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, Audi жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Рудный қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

«BMW жүргізушісі Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қостанай облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, жыл басынан бері өңірде 1 400 жүргізуші мас күйде көлік айдаған, 87 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған. Оларға қатысты ҚР ҚК-ның 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары