18.11.2021, 12:50
Оқиғалар
Павлодарда 60 жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткені үшін куәлігінен айырылды
Жыл басынан бері 12 мыңға жуық азамат жол ережесін бұзған
Азаматтар жүргізуші куәлігінен жарты жыл мерзімге айырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«2021 жылдың басынан бері 60 жүргізуші көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, ҚР ӘҚБтК 596 - бабы 3-бөлігі бойынша басып озу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Барлық тәртіп бұзушылар 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды», - деді департаментте.
Мысалы, жуырда Толстой көшесінде полиция инспекторлары жолдың қарсы бағытына шығып кеткен «ВАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 596-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері 12 мыңға жуық азамат жол ережесін бұзған.
Көп оқылған
09.09.2026, 10:10
Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған
09.09.2026, 12:05
«Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті
09.09.2026, 14:32
Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)
09.09.2026, 13:37
Баян Алагөзова дінге қатысты желідегі жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады