Жамбыл облысында дауыл кезінде жасөспірім бала қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауа райының қолайсыздығынан 50 адам зардап шекті

Жамбыл облысында болған дауылда 17 жастағы жасөспірім бала қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға Жалпақтөбе елді мекенінде болды. Дауыл кезінде үйдің шатырында болатын. Алайда қатты соққан желден шатырдан құлап кетті. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кетті.

Желдің жылдамдығы секундына 38 метрге дейін жетті. Ауа райының қолайсыздығынан 50 адам, оның ішінде 4 бала зардап шекті.

Айта кетейік, қатты дауылдан Таразда 18 көпқабатты тұрғын үйге, 16 мектеп пен 4 балабақшаға зақым келді.