05.01.2020, 17:49
Оқиғалар
Көктөбеде батуттан құлаған баланың сүйегі 9 жерден сынған
13 жастағы жеткіншекке ота жасалды
Дәрігердің сөзінше, аттракцион арқылы әуеде қалықтап ойнамақшы болған бала 4-5 метр биіктіктен жерге құлап кеткен.
«Баланың денесінде сынық көп екені анықталды. 4 омыртқасында компрессиялық сынық, сол жақ білек сүйегінің сынығы, оң жақ табан сүйегінің сынығы. Сол жақ аяғында екі бірдей тобығы, сонымен бірге табан сүйегі де сынған. Қолы мен аяғына ота жасалды. Барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр. Баланың жағдайы тұрақты», – деді Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов
Еске салайық, оқыс оқиға Көктөбе демалыс орнында 2 қаңтар күні болды.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды