$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.11.2021, 23:57
Оқиғалар

Мас күйінде көлік жүргізген азамат полицейге 100 мың теңге пара бермек болған

Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Мас күйінде көлік жүргізген азамат полицейге 100 мың теңге пара бермек болған
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында көлікті мас күйінде тізгіндеп полицейге 100 мың теңге пара бермек болған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ресми мәлімдеме бойынша, оқиға Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылы маңында орын алған. Трассаны бақылау кезінде полиция қызметкерлері 37 жастағы С. деген жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота Королла» автокөлігін тоқтатқан.

«Жүргізушіден спирттік ішімдіктің исі шығып, полицейлер әкімшілік хаттаманы ресімдей бастаған кезде С-ның бұдан бұрын да мас күйінде автокөлік руліне отырғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Бұдан кейін жүргізуші кішкене виски ішкенін мойындап, 100 мың теңге ұсынған. Патрульдік полиция қызметкерлері пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткеніне қарамастан, жүргізуші ақшаны қызметтік көлік төсенішінің астына салған», - делінген ведомство хабарламасында.

Пара ұсынған азаматқа қатысты ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) және 346-бабы 1-бөлігіне (бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның масаң күйде көлікті басқаруы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.


 

 

Серіктес жаңалықтары