14.11.2021, 17:47
Оқиғалар
Семейде кәмелеттік жасқа толмаған қыздың мәйіті іздестірілуде
Тергеу бөлімі сот сараптамаларын тағайындады
Фото ашық дереккөзден
Семейде кәмелеттік жасқа толмаған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департаменттің хабарлауынша, 13 қарашада әйел адам Семей қалалық полиция басқармасына хабарласып, кәмелетке толмаған қызының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан.
"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы "Кәмелетке толмаған адамды қасақана өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір кінәлі тұлға анықталып, тергеу, кәмелетке толмаған адамның денесін іздеу және дәлелдемелерді бекіту шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
