Батыс Қазақстан облысында ер адам ауылдасын ұрып өлтірді

Azattyq Rýhy

Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды

 

Батыс Қазақстан облысында ер адам ауылдасын ұрып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға Орал қаласына қарасты Серебряков кентінде болды.

А. есімді 54 жастағы ер адам өзінің үйінде 1978 жылғы Т. деген ауылдасымен бірге арақ ішкен.

Соның барысында өзара келіспеушілік салдарынан Т. үй иесіне дене жарақаттарын салып, кетіп қалған.

«Келесі күні Т. қайта келгенде, А-ның ес-түссіз жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Әйтсе де 54 жастағы ер адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Күдікті сол күні қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (кісі өліміне соқтырған дене жарақатын салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.