$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2021, 01:24
Оқиғалар

Елордада карантин шаралары күшейтілді

Қалалық бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

 
Елордада карантин шаралары күшейтілді

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері елордадағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Енді елорданың сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) әдеттегідей жұмыс істейді, онда да штаттық жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастырылады.

Құжат 2021 жылдың 15 қарашасында күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

 
Серіктес жаңалықтары