Оралда тұрғын үйден өрт шықты
Қазір өрттің шығу себебі нақтылануда
Орал қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми хабарламаға сүйенсек, оқиға 5 қараша күні сағат 21.21-де Захаров көшесі 79-мекенжайында тіркелген.
«Аталмыш үйдің екінші қабатындағы пәтерде жеке заттар жанып кеткен. Аумағы 20 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 21.42-де оқшауланып, 21.54-те сөндірілді. ТЖ департаментінің күшімен жүрегі ұстап қалған ер адам эвакуацияланып, жедел жәрдемге тапсырылды. 35 адам далаға өздері шыққан, олардың бесеуі – балалар. Аталмыш үйдің 15 тұрғыны үшін арнайы автокөлікте жылыту пункті ұйымдастырылды» – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.