$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2021, 00:02
Оқиғалар

Елордада күтуші жұмыс берушісінің 8700 долларын ұрлаған

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Елордада күтуші жұмыс берушісінің  8700 долларын ұрлаған
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында қожайынының үйінен ірі көлемде ақша ұрлаған күтуші қолға түсті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, қала тұрғыны полицияға арыз жазып, пәтерінен 8700 доллар қаражаттың қолды болғанын хабарлаған. Арызданушы үйінде күтуші болып жұмыс істейтін 35 жастағы әйелден күдіктенетінін де бірден айтқан. Әйел аталған азаматтың үйінде үстіміздегі жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген.

Күтуші пәтер қожайындарының жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмеде тұрған әйелдің әмиянынан ақша ұрлаған.

"Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ұрлық жасаған күдікті тұрғылықты жері бойынша ізін суытпай ұсталды. Ұрланған қаражат күтушіден табылып, тәркіленді. Әйел 2 мың долларды айырбастап үлгерген, бірақ ұрланған ақшаны пайдалана алмаған, өйткені оны жедел уәкілдер ұстады", - деді полиция.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кінәсін мойындады, оның бұрын елордада жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары