ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110 мың адамға жуықтады

Екібастұзда пәтер өртінен 2 адам қаза тапты

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Екібастұзда пәтерден шыққан өрт салдарынан 82 жастағы қария мен оның 45 жастағы ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 1 қаңтар күні болған. Кешкі уақытта өрт туралы хабарлама түсе салысымен жеткен өрт сөндірушілер пәтерден 2 адамның денесін алып шықты. Олар өрт шыққан пәтерде тұратын қария мен оның 45 жастағы болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

«Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті ауыздықтауға 3 техника жұмылдырылды. Өрт түнгі сағат 23.00 шамасында сөндірілді. Қайтыс болған азаматтардың бірі 82 жаста болса, екіншісі оның 1975 жылғы ұлы екенін анықтадық», - деді баспасөз қызметінен.

ТЖД өкілдері Жаңа жыл түні Железин ауданында да өрт салдарынан бір адамның қайтыс болғанын айтты.

«Сондай-ақ, 1 қаңтар күні №1 қалалық ауруханасына газдан уланған әйел адам түсті. Улану пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау себебінен болған», - деді мамандар.

.