Алматыда жол апатынан аман қалған жасөспірім жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Валерий Гойколов 2 қаңтар күні таңертең үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған

Валерий Гойколов кеше телефонын үйде қалдырып, шығып кеткен. Оның қазір қайда жүрегні белгісі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

Жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы ақпаратты оның анасының өтініші бойынша Алматыдағы Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің бастамашылар тобының мүшесі Ислам Угушев  Facebook желісінде жариялаған.

2004 жылы 12 желтоқсанда туған Валерий Антонович Гойколов 2 қаңтар күні таңертең серуендеп қайту үшін үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жасөспірім сирек қолданатын болғандықтан, телефонын үйде қалдырып кетіпті. 

Жасөспірімнің бұрын жол апатын бастан өткергені белгілі болды. Достары да көп болмаған. Валерий жол апатынан кейін тұйықталып, ешкіммен араласпай кеткен. 

Бойы шамамен, 170-175 см, көгілдір көзді, көзінің оң жақ қарашығы үлкендеу келген. Оң жақ қолы жол апатынан кейін дірілдеп тұрады. Желкесінде тыртығы бар. 

Қаракөк түсті күрте, қаракөк түсті трико шалбар, ақшыл көк түсті тақия және қара бәтіңке киген. 

«Алматы және Алматы облысының барлық тұрғынынан із-түзсіз жоғалып кеткен Валерий Гойколовты іздеп табуға барынша көмектесулерін сұраймыз», – деп жазады Ислам Угушев. 

Валерийдің қайда екені туралы кез келген маңызды ақпаратты төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауларыңызды өтініп сұраймыз: 

+7-777-206-89-26  — Наталья Гойколова.

+7-707-252-61-00 — Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі бастамашылар тобы.

Айта кетсек, бұрындары Ақтөбе облысында 11-сынып оқушысы Анатолий Лебедевтің жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз. Алға ауданының Қарақұдық ауылында тұратын 2002 жылғы жасөспірім 1 қаңтар күні таңғы 5-те үйінен шығып кетіп, әлі күнге оралмаған. Бүгінде оны іздеуге кинологтар жұмылдырылды.