ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Көлікке дөңгелек байлап сырғанаған: ШҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 2 қаңтар күні Бесқарағай ауданында болған

Шығыс Қазақстан облысында 2 адамның өмірін жалмаған жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2 қаңтар күні Бесқарағай ауданында болған. Стеклянка ауылынан шыққан Nissan Terrano автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі көлігінің артына резина дөңгелек байлап, оған өзінің 2001 және 2002 жылғы таныстарын отырғызып алып, Семей – Дөлен тасжолымен келе жатқан.   

«Өреске заңбұзушылыққа жол берген жастар автокөлік жүрісін үдете бастаған кезде жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол сәтте қатты жылдамдықпен келе жатқан қарсы беттегі Nissan X-trail маркалы көлігі жүрісін тежей алмастан, дөңгелек үстінде отырған екі адамды басып өткен. Түрлі ауыр жарақат алған жас жігіттер тілге келместен, оқиға орнында көз жұмды», – деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.  

19 жастағы жүргізушіні Бесқарағай аудандық полиция қызметкерлері уақытша қамау изоляторына қамады. 

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлімі, яғни абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу бойынша қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысты соталды тергеу жұмыстары басталды.