$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2021, 05:35
Оқиғалар

Жазасын өтеп шыққан азамат Семей тұрғынының 12млн теңгесін алаяқтықпен иемденген

Ол жәбірленушіні көп ұзамай күйеуінің түрмеден мерзімінен бұрын босап шығатынына сендірген

Жазасын өтеп шыққан азамат Семей тұрғынының 12млн теңгесін алаяқтықпен иемденген
Фото ашық дереккөзден

Жазасын өтеп шыққан азамат семейліктің 12 млн теңгесін айлакерлікпен иемденіп кетті,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция басқармасына Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны жүгініп, 2019 жылы облыс орталығы мекемелерінің бірінде жазасын өтеген Өскемен қаласының 38 жастағы тұрғыны оның жұбайына жазасын өтеу жағдайларын жақсартуға көмек көрсетемін деген желеумен 12 580 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын алдау жолымен иемденгенін хабарлады.

«Тергеу барысында 37 жастағы әйелдің айтуынша, 2019 жылы 38 жастағы ер адам жазасын оның жұбайымен бірге өтеген, кейін біраз уақыттан кейін бостандыққа шығып, онымен байланысып, жәбірленушіні көп ұзамай күйеуі түрмеден мерзімінен бұрын босатылатынына сендіріп, оған мекемеде көмектесуге уәде берген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Семей қаласы Полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Семей #алаяқтық