$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2021, 10:33
Оқиғалар

Астанада журналистің інісін мұғалімнің ұрғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады

Оқырмандар пікірі қақ айрылды. Бірі мұғалімнің баланы ұруы – сыныптастары алдында қорлап, суицидке баруына итермелейтін қадам болса, екіншілері сабақта тыныш отырмай, ұстаздың ашуын тудырған оқушыны айыптады.

Астанада журналистің інісін мұғалімнің ұрғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады

Нұр-Сұлтан қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының мұғалімі оқушыны ұрған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Бейнежазбада педагог баланың құлағын тартып, басынан ұрғаны анық көрініп тұр. Пост авторы журналист Ақбаян Сапарбаева жағдайдың бірнеше рет қайталанып отырғанын жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Кез-келген зорлық-зомбылыққа қарсымын! Бұл – Нұр-Сұлтан қаласындағы №51 мектеп-гимназиясында оқитын туған інім! Бұған дейін де мұғалім сызғыштың қырымен басынан әбден ұрғанын естігенмін! «Өзің бұзық болған шығарсың, дұрыс, ұстазды тыңдамасаң солай болады!» деп қойғанбыз! Бірақ, оқушыны ұруды әдетке айналдыруға бола ма?! Иә, мұғалім екінші анамыз! Оны тыңдау, құрметтеу парызымыз! Бірақ, қазіргі заман балаларын ұрып-соғып, тоқпақтап тәртіпке шақыра алмаймыз, құрметті ұстаздар! Біздің заман өтті! Шынымды айтайын, мынаны көріп, түнімен жүрегім ауырды! Үп-үлкен бала, алдында отырған сыныптас қыздарынан ұялып, күліп қояды. Оның да намысы бар ғой! Жалпы, баламен жеке сөйлесу, келісу, сабаққа қызықтырудың тәсілдерін ойластыратын уақыт жетті ғой! Қашанғы аюға намаз үйреткендей таяқ алып жүреміз? Енді осы дұрыс па», - деп жазды Ақбаян Сапарбаева.

Алайда оқырмандар пікірі қақ айрылды. Бірі мұғалімнің баланы ұруы – сыныптастары алдында қорлап, суицидке баруына итермелейтін қадам болса, екіншілері сабақта тыныш отырмай, ұстаздың ашуын тудырған оқушыны айыптады.

«Тұрақты таяқ жейтін болса, сонда өзінің кінәсі зор болып тұрғаны ғой. Осылай біржақты тірлік жасаудың не қажеті бар? Қолыңыздан келсе, неге тәрбиемен айналысып, жеке сол соға береді деген мұғалімнің өзіне жолығып, жағдайды білмейсіз? Айналып келіп ӘЖ-ге саласыз? Қарап тұрсам, сіздікі де біреуге бәле жауып қалудың әрекеті ғой. Балаларыңызды ойласаңыз неге сол мұғалімнен сұрамайсыз нақты не жағдайда сондай әрекет болғанын? Сыныптастарының алдында ұялатын оқушы, тұрақты түрде бұзықтық істей бермейді. Сіз бірінші тәрбиені балаңыздан бастасаңыз», - деп пікір білдірді Балжігіт Торыбаев есімді оқырман.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары