Атырауда қойма меңгерушісі екі млн теңгеден астам тұратын киімдерді қолды етті

Автор: Azattyq Rýhy

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото ашық дереккөзден

Атырауда ер адам өзі жұмыс істейтін мекемеге тиесілі 50 дана қысқа арналған күртеше мен 20 дана комбинезонды қолды етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жөнінде Атырау қаласы полиция басқармасына арыз келіп түсті. Тексеру кезінде ол Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған мекемеде қойма меңгерушісі болып жұмыс істейді. Мекемеге келтірілген залал құны – 2 380 000 теңге.

Қазіргі уақытта 1983 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 189 бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.