$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.10.2021, 17:45
Оқиғалар

Астаналық тұрғын сот орындаушысын балтамен ұрып өлтірмек болды

Оның 200 мың теңгеге жуық айыппұл берешегі болған

Елордадағы жеке сот орындаушыларының бірі жергілікті тұрғынның үстінен полицияға арыз түсірді. Оның сөзінше, қызмет ету кезінде борышкер оны балтамен ұрып өлтірмек болған деп хабарлайды Жеке сот орындаушылары аймақтық палатасының баспасөз қызметі.

Анықталғандай, Н. есімді азаматтың жалпы сомасы 196 545 теңгені құрайтын 17 әкімшілік айыппұлы болған. Сондай-ақ, банкке 358 728 теңге берешегі бар екен.

«Жеке сот орындаушылары борышкерге берешегін қайтарту үшін талапқа сай бар әрекетті жүргізді: мүліктеріне шектеу мен бұғат қойылды. Ол 2020 жылдың қазан айынан бері берешегін қайтарудан үзілді-кесілді бас тартып келеді. Атқару шешімін орындау мақсатында оның меншігіндегі ВАЗ-2115 автокөлігін тәркілеу шешімі қабылданды», - делінген аталған ақпаратта.

26 қазан күні таңғы 8:45-те жеке сот орындаушысы борышкер тұратын мекен-жайға барған және жол жиегінде тұрған оған тиесілі автокөлікті көрген. Ол аталған 17 әкімшілік айыппұлды дәл осы автокөлікпен жол ережесін бұзу арқылы арқалаған.

Жеке сот орындаушысы борышкерден көлікті беруін сұрағанда ол ашуға салынып, кілтті беруден бас тартқан.

«Мұнан кейін ол үйінен темір балта алып шығып, жеке сот орындаушысы мен полиция қызметкерін шабуылдаған. Бұл оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Полицей оған көзді жасаурататын газ қолданып, қолындағы балтасын алып қойды», - делінген Жеке сот орындаушылары аймақтық палатасы таратқан хабарламада.

Жеке сот орындаушысы борышкердің үстінен полицияға арыз түсірді.

Серіктес жаңалықтары