Павлодар облысында бұрынғы әйелінің атына ЭЦҚ аштырған шенеунік жұмысынан кетті
Ақсу қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Абулхалықов бұрынғы әйелінің рұқсатынсыз оның жеке мәліметтерін пайдаланған
Әйеліне СМС хабарлама келген соң ғана, ол шу көтерген. Алайда өзімен бірге тұрмайтын адамның атына не үшін ЭЦҚ аштырғаны белгісіз, деп хабарлайды Астана арнасы. Белгілісі, Мұрат Абулхалықов Ақсу қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысына әйелінің баламен үйде отырғандығын айтып алдаған. Осылайша оны бөтен адамға цифрлы қолтаңба аштыруға көндірген. Бұл іске қала әкімдігінің аппарат басшысы Руслан Мұқанов да араласқан. Үш бірдей шендінің тәртібін қараған аймақтың әдеп жөніндегі кеңесі Ақсу қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысын жұмыстан босатты. Ал Ақсу қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Абулхалықов өз еркімен қызметінен кетті.