Алматыда полицейлерден оңбай таяқ жеген Өзбекстанның этникалық қазағы әділдік іздейді

Оны Әуезов ауданы Полиция басқармасының үш қызметкері тепкілеп тастаған

Фото ашық дереккөзден

Екі қабырғасы сынып, түрлі жарақат алған жәбірленуші істің бір айдан бері жылжымай тұрғанын айтады, деп хабарлайды КТК арнасы. Полицейлер тепкілеп тастады деп шағымданған Тимур Исаков – Өзбекстан азаматы.

Еңбек мигранты ретінде тіркелген жігіт екі ай бойы Мұрат есімді азаматтың шағын фастфуд орталығында еңбек етіпті. Алайда кәсіпкер осы аралықта төленуі тиіс 600 мың теңгеден соқыр тиын ұстатпаған. Жәбірленушінің төлқұжатын тартып алған ол ашық қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді. Сол сәтте жеке басының қауіпсіздігіне алаңдаған Тимур Исаков полиция шақырыпты. «Бірақ кәсіпкер мен тәртіп сақшысы бір-бірінің сөзін сөйлеп, ақыр соңында соққыға жығылдым» дейді ол.

«Қолым кісендеулі жатқанда есімді жидым» деген жігіт сорақылықтың  бәрі Әуезов ауданы полиция басқармасының ғимаратында болғанын айтады. Тіпті қол қойылған сот қаулысын өздері алып келген полицейлер оны жедел түрде депортация жасауға бекініпті. Жәбірленуші судьяның түрін көрмек түгілі, «Газельдің» ішінен шықпадық дейді. Алайда соңыра Өзбекстан азаматының заңды тіркелгенін білген көші-қондағылар басын ала қашқан.

Кейін жағдайы нашарлаған жәбірленушіні жедел жәрдем тура полиция басқармасынан алып кетіпті. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.