$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2021, 12:55
Оқиғалар

Арон Атабек коронавирус жұқтырып, ауыр халде жатыр

Ол алғашында медициналық көмек алудан бас тартқан

Арон Атабек коронавирус жұқтырып, ауыр халде жатыр
Азаттық

Арон Атабек коронавирустық инфекция жұқтырып, ауруы асқынып кеткен. Оның қызы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан көмек сұрады. Басқарманың басшылары Арон Атабекті емдеу үшін арнайы медициналық кеңес өткізіп, емдеу тактикасын өзгертпек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Арон Едігеевтің қауіпті індетті жұқтырғаны анықталғанда, оның туыстары да, өзі де медициналық көмектен бас тартқан көрінеді. Алайда, әкесін сауықтыру үшін оның қызы басқармадан көмек сұраған.

«Туыстарының өтінішіне байланысты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетуге дайын екені туралы хабарлайды. Басқармаға А.Едігеевтің қызы әкесіне көмек сұрап жүгінді. Дәрігерлік бригада «аса ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекция» диагнозын қойған. Бірақ ол ауруханаға жатудан өз бетінше бас тартты. Оның туыстары №17 қалалық емхананың мобильді бригадасының білікті медициналық көмегінен де бас тартты. А.Едігеевтің ауыр хал-жағдайы туралы қызының өтінішін ескере отырып, қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы барлық қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын. Науқас пен оның жақын туыстарының келісімімен Басқарма емдеу тактикасын анықтау үшін медициналық кеңес жинауға, сондай-ақ оны қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге де дайын», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Арон Атабек қазір жекеменшік емханада коронавирустық инфекциядан ем алуын жалғастырып жатыр. Оның қауіпті инфекцияны жұқтырғаны 5 қазанда анықталды.

Серіктес жаңалықтары