Ақтөбеде жасөспірім қыз 20-қабаттан секіріп кетті
Ол алған жарақатынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды
Ақтөбеде 2008 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 қазан күні сағат 18:45-те Ақтөбе қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының «102» телефонына 11-шағын аудандағы № 112 үйінің кіреберіс терезесінен кәмелетке толмаған баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
«Полиция жасағы 25 қабатты үйдің 20-қабатынан балконнан секіріп кеткен 2008 жылы туған, кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Кәмелетке толмаған бала алған жарақатынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның себебі анықталуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.