$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2021, 15:28
Оқиғалар

Алматыда сатушы клиентін пышақтап өлтірді

Клиент мас күйінде келіп, жанжал шығарған

Алматыда сатушы клиентін пышақтап өлтірді

Алматы облысында маскүнем клиентін өлтірді деген күдікпен дүкеннің сатушысы ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

17 қазан күні сағат 10 шамасында Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Тұрар ауылының дүкендерінің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ақпаратты растады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның жеке басын анықтады. Ол Тұрар кентінің 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Осыдан кейін күдікті – Жібек Жолы кентінің 39 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол бастапқыда мойындаған жоқ. Бірақ дәлелдерді көрсеткеннен кейін барып мойындады. Ер адам қылмысты пышақпен жасаған.

«Күдіктінің сөзіне жүгінер болсақ, дүкенде сатушы болып жұмыс істеген. Дүкеніне мас адам келіп, араларында жанжал туындаған. Салдарынан сатушы кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Жарақат алған мас адам оқиға орнында көз жұмды. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары