$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.12.2019, 02:49
Оқиғалар

Қытайда балалар генін мутациялаған ғалым түрмеге қамалды

Ғалымға Қытайдың генетикалық зерттеулер саласындағы халықаралық беделіне нұқсан келтірді деген айып тағылды

Қытайда балалар генін мутациялаған ғалым түрмеге қамалды

Қытай соты гендік өзгеріске ұшыраған адам эмбриондары мен ерекше ДНҚ тесті нәтижесінде егіз балалардың дүниеге келуіне себепші болған ғалым Хе Цзянькюді 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оған  заңсыз эксперимент жасағаны үшін 3 миллион юань (430 мың доллар) айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы The Guardian басылымы жазған.

Цзянькуядан басқа, зерттеу тобының тағы екі мүшесіне қысқартылған жаза мен айыппұл салынды.

Онымен бірге жұмыс істеген Чжан Ренли 2 жылға бас бостандығынан айырылып, 1 миллион юань көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал Цинь Цзиньчжо 18 айға қамауға алынып, екі жылға шартты түрде сотталды және 500 мың юань айыппұл төлейтін болды.

Соттың анықтауынша, үш айыпталушының медициналық мамандандырылған сертификаты да болмаған және ғылыми зерттеу саласындағы ұлттық стандарттарды қасақана бұзған.

2018 жылдың қараша айында Қытайда Хе Цзянькуяның жетекшілігімен жүргізілген эксперимент нәтижесінде алғашқы гендік өзгеріске ұшыраған егіз қыздар дүниеге келген.

Ғалымдар ерлі-зайыптыны бедеуліктен емдеу аясында адам эмбриондарының геніне мутация жасаған. Бірақ осы уақытқа дейін бір ғана жүктілік сәтті аяқталған. Нәтижесінде, иммунитет жетіспеушілігін тудыратын вирусқа қарсы тұратын ДНҚ-сы бар балалар дүниеге келген.

Бұл жұмысты ғалымның әріптестері де, мемлекеттік қызметкерлер де сынға алады. Цзянкуя жұмыс істейтін оңтүстік ғылыми-технологиялық университеті (Шэньчжэнь) зерттеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні ресми мәлімдеме жасап, ақпан айында ақысыз демалысқа кеткен ғалымның жұмысы туралы басшылықтың білмейтіні жайлы айтады.

Оған Қытайдың генетикалық зерттеулер саласындағы халықаралық беделіне нұқсан келтірді деген айып тағылды. Үкімет олардан экспериментті тоқтатуды талап еткен.

Дереккөз: Stan.kz 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қытай #сот #ғалым