$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.12.2019, 03:46
Оқиғалар

Жапония жағалауынан кесілген адам бастары салынған «елес қайық» табылды (видео)

Кейбір сүйектердің аршылып қалғанына қарап, қайықтың су бетінде ұзақ уақыттан бері қалқып жүргенін шамалауға болады

Жапония жағалауынан кесілген адам бастары салынған «елес қайық» табылды (видео)

Жапонияның Ниигата префектурасындағы Садо аралы жағалауына адам денелері салынған ағаш қайық шығып қалған. Бұл туралы жапондық NHK телеарнасы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қайық қатты бүлінген екен. Оның бортында корей тілінде жазбалар (әріптер мен сандар) жазылыпты. Болжам бойынша қайық Солтүстік Кореяда жасалған.

Қайықтың ішін қарап шыққан жағалау күзетінің адамдары екі адамның кесілген басы мен бес адамның денесін тауып алған. Қазірше олардың ешқайсының жынысы да, жасы да анықталмаған. 

Телеарна сюжетінде айтылғандай, адам денелерінің кейбір сүйектері аршылып қалған. Бұл «елес қайықтың» су бетінде ұзақ уақыт бойы қалқып жүргенін білдірсе керек. Қазір судмедэксперт мамандар теңізшілердің өлімі неден болғанын анықтап жатыр.   

Телеарна атап өткендей, Жапония жағалауларына ара-тұра осылай Солтүстік Корея жақтан қалқып жеткен балықшылар қайықтары шығып қалады екен. Ондай қайықтар мен кемелердің экипажы көбінесе өлі болып шығады дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары